ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ШҰҒЫЛ ОТЫРЫСЫ

Алматы, 18 шілде. Алматыдағы төтенше оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді. Басты тақырып — қауіпсіздікті күшейту, лаңкестік әрекеттердің алдын алу.

Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ ғимаратына жасалған шабуыл салдарынан, 4 адам қаза тауып, бірнешеуі жарақат алды. Алматыдағы атыс полиция бөлімшесінен басқа Байзақов-Абай, Гоголь-Байзақов, Абылай хан-Төле би көшелерінің қиыысында да болған. Құзырлы органдар тарапынан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы  ақпарат жаңаланған жоқ.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

 

Related posts

ХАТАЙДА ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ ТАБЫЛДЫ

ttjk

«Қазақстанның даму банкі» мен «Bagalau Qazaqstan» ынтымақтасты

БРЮССЕЛЬ: ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ

Назия Жоямергенқызы