Астанада V Еуразиялық экономикалық форум басталды

Астанада V Еуразиялық экономикалық форум басталды.

Биыл халықаралық пікірталас алаңында «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектіге басымдық беру» тақырыбы талқыланады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форумға қатысу үшін елордаға келген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларына және делегация жетекшілеріне ілтипат білдірді.

Мәртебелі меймандар қатарында Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Армения вице-премьері Мгер Григорян, Куба Республикасының вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса, Вьетнам премьер-министрінің орынбасары Хо Куок Зунг, Моңғолия премьер-министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаяр, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев және тағы да басқа лауазымды ресми тұлғалар бар.

Айта кетейік, 27 мамырда Астанаға Ресей президенті мемлекеттік сапармен келді. Оны әуежайдан Мемлекет башсысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.

Tengrinews.kz

Related posts

ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Международная Выставка Туризма и Путешествий-EMITT

ttjk

Казахстан и Монголия нацелены на увеличение товарооборота до $500 млн