Astana Science Festival 2020

 

Әртүрлі жастағы қатысушыларға арналған ғылым мерекесі – Astana Science Festival 15 наурыз күні сағат 09:00-17:15 аралығында Назарбаев Университетінде өтеді.

Жастар арасында ғылымды дәріптеу үшін жыл сайын ұйымдастырылатын бұл жобаны Chevron Kazakhstan қолдауымен Британ Кеңесі, OYLA журналы, Назарбаев Университеті және Ғылым Қоры өткізеді.

Фестиваль Science Stars (орыс және қазақ тілдерінде) және FameLab Kazakhstan (ағылшын тілінде) ғылыми коммуникациялар сайыстарының ұлттық финалына қатысатын 10 оқушы мен 10 жас ғалымның үш минуттық презентацияларынан басталады.

Жоғары сынып оқушылары мен университет студенттері 3D-баспаны күнделікті өмірде қолдану, құстарды бақылау, экологиялық қауіпсіз әдеттерге дағдылану, климаттың өзгеруі туралы жаңалықтарды оқу, Nature мен OYLA журналына мақалалар жазу және 2020 жылы және одан кейінгі кезеңдерде ғарышты игеру туралы дәрістерге қатыса алады.

Көрме-жәрмеңкеде орта және кіші сынып оқушылары слайм жасау, роботтар құрастыру, Алексей Иванченкомен ғылыми тәжірибелер жүргізу, Менделеев кестесінің 150 жылдығын атап өту және Назарбаев Университетінде жасалған соңғы инновациялармен танысу арқылы «ғылымға жақындай алады».

Алдын ала бағдарламаны мына сілтеме арқылы таба аласыз:
https://www.britishcouncil.kz/ru/events/science-festival-astana

Қатысу үшін тіркелу қажет.

Сұрақтарыңыз бойынша жобаның координаторы Дильшат Жусуповамен 10:00-ден 19:00-ге дейін +7(727) 222 13 20 телефон нөмірі және famelab@oyla.xyz электронды поштасы арқылы байланыса аласыз.

Related posts

«ХАЛЫҚ БАНКІНЕН» ХАЛЫҚҚА КӨМЕК

ttjk

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ-2020

ttjk

«ХАЛЫҚ» ХАЛЫҚҚА КӨМЕКТЕСТІ

ttjk