ҚАШЫҚТАН ОҚУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Қашықтан оқыту- ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар:оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Қазіргі қиын-қыстау уақытта барлық білім алушы жастар мен білім берушілер қашықтан оқуға көшуге мәжбүр болды. Мақаламды жазбас бұрын оқушылар мен оқытушылардан кысқаша сұхбат алған едім. Онлайн оқудың тиімді және тиімсіз жақтары деп екі категорияға бөлдім. “Қашықтан оқудың тиімді жері, уақытты үнемдейміз. Үйде отырып сабақ оқумен қатар, басқа істерді де бітіре аламыз. Біздің жасымызда қимылсыз отыру қиын, құрбы-достарымызды көрмейміз. Сабақ онлайн болғандықтан және бос уақыттың көптігінен ұялы телефонның ішінде көп уақытымыз кетіреміз. Онлайн оқуды қаламаймын, бірақ елдегі күрделі жағдайға байланысты үйде қалуға тиіспіз!” – деп ойын білдірді 10 сынып оқушысы. Ал, бітіруші түлектер не дейді екен? “Барлығының ішінде онлайн оқудың болымсыз жақтары бізге тиді. ҰБТ жақындаған кезде осындай жағдайға түстік. Дайындық курстарымыз тоқтап қалды. Әрине, онлайн сабақтар өтілуде, бірақ барып оқыған бәрібір өзгеше әсер қалдырады. Соңғы жаңалықтар одан сайын көңіл күйімізді түсірді. Соңғы қоңырау бітірушілер үшін өте маңызды сәттердің бірі. 11 жыл оқыған 2-ші үйіңмен қоштаспау өкінішті. Бірақ, қазіргі уақытта бізге ең бастысы ҰБТ-ді жоғарғы деңгейде тапсырып, жоғарғы оқу орнына түсу!” Жас Қазақстан үшін зиялы қауым өкілдерінің артуы, жоғары интелектуалды әрі шығармашылықпен айналысатын адамдар шоғырының молаюы ауадай қажет. Болашағы жарқын әрі жасампаз елімізге қажетті ортаны қалыптастыратын саналы тәрбие мен сапалы білім беретін мұғалімдер екені даусыз. “Қашықтан оқытудың жаңа технологиясына көшу бүгінгі күн талабы. Бұл жүйенің айырмашылығы, оқушымен бетпе-бет қатынасуды болғызбайды. Дегенмен, бірнеше артықшылық жақтары да бар. Пәнді өз бетімен оқып үйренуде білім алушыларға жетекшілік жұмысын жасау және оларға көмек көрсету түрлерінің бірі болып табылады. Телефон және электронды пошта, сонымен бірге телеконференциялар қолданылады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға көмектесуде. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.” – деп сөзін аяқтады ардақты ұстаздарымыз. Қорыта келе қашықтан оқыту-ыңғайсыз білім алу жолы емес. Адам баласы тез үйренуге, тез қағып алуға бейімделген. Сондықтан, қазіргі сәтте бастапқы күндер секілді қиын әрі түсініксіз емес. Мұғалімдер және оқушылар сол мектеп қабырғасында алынған білім нәрін жалғасытырып отыр, тек өз үйлерінде. Қазіргі әлем проблемасына қарағанда аса ауқымды жағдай емес.Белгілеп айтып кететінім, 21 ғасыр технология даму кезеңі болғандықтан, бұл – табиғи құбылыс.

Ғайни Болатханқызы

Related posts

Победители конкурса «StartUP Battle-2020»

ttjk

ОҚУШЫЛАРЫМНАН ҮЛКЕН ҮМІТ КҮТЕМІН

ttjk

III International Winter School on PR

ttjk