COVID-19 — ҚАУІПТІ ІНДЕТ

Қисынсыз болсада қиығын көрсетпей, көрсекте тас соқырдың үнсіз күйін кешіп мына әлемде өмір сүрудеміз. Қаумалған адам арасынан, дауылды ырғақты үрлеп жүріп әр күніміз күтпеген жерден келген жаңалықтармен, қарбалыспен өтуде. Ұйқыңнан ояна салып, бүгінгі күн мен үшін сәтті күн болса екен деп тілейсің. Жүректегі үмітпен көз жанарың жәудіреп қарап тұрып, ауыр жаңалықты естіп бір қынжыласың. Әр күн әрине, оңды бола бермейді. Өмір болған соң Алланың да берері бар. Қиындық келмей әр нәрсенің қадірін түсіну мүмкін емес. Кеше ғана әр таңды қуанышпен қарсы алатынбыз, ал қазір жүректі бір қорқыныш тыныштандырар емес. Бүгінде бүкіл әлем үшін ең ауыр жағдай бастан өтуде. XXI ғасыр індеті атанған Covid – 19 коронавирус ауруы жайпап алды. 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусқа байланысты пандемия жариялады.
Пандемия – жаңа ауру түрінің жаһандық ауқымда таралуы. Бүкіл әлемді жаулап алған, сан түрлі адамды қиындыққа ұшыратқан бұл вирус күннен күнге өрбуде. Тарлан тарихқа жүгінсек, адамзат баласына бірнеше рет оба індеті келіп, миллиондаған адамдардың өмірін жалмағанын көреміз. Мәселен, сақ-скиф дәуірінде де аталған індеттің бар болғандығы туралы деректер кездеседі. Яғни биылғы пандемия тарихтағы алғашқы індет емес. «Пандемия» сөзінен қорқудың қажеті жоқ: бұл аурудың қауіптілігінен бұрын оның таралу ауқымын білдіреді және жұқпалы ауруларда ғана қолданылады. Аурудың таралу ауқымы мен жұқтырғандар саны арта түссе, эпидемия пандемияға айналады.
Өткенге көз жүгіртетін болсақ бұл ауру тұп – тура 4 ғасырда болып отыр. Атап айтсақ, 1720 жылы жаһан жұртшылығы Марсель обасынан жапа шекті. 1820 жылы Азия холерасы көп халыққа кесапат алып келді. Тұп-тура бір ғасыр өткенде, яғни 1920 жылы Испан тұмауы 150 миллиондай адамның өмірін қиды. Енді араға 100 жыл салып, коронавирус келіп отыр. Бұл сәйкестік пе, әлде, қандай да бір заңдылық бар ма деп қаласың. Жаһандық індеттердің таралуында циклдық сипат бар деген қаншалықты рас екен? Сенбейін десең, сәуегейлік қазақ қоғамынан да алыс емес қой. Қашан да хандардың жанында көріпкелдер отырған. Ал Мөңке бидің болжамын оқысаңыз, дәл қазіргінің көрінісі.
Қазір де жер-жаһан жаңа індетпен бетпе-бет келіп отыр. Вирус адамда, жануарда, тіпті өсімдіктерде кездеседі. Оның кетуі де оңайға соқпайтыны анық. Жаңа дәрі-дәрмек пайда болып, кез келген ауруға қауқары жететін медициналық технология дамыған сайын, вирус та адамдарға ауыр соққымен шабуылдайды. Адам ағзасына енген вирус онымен бірге өмір сүреді. Адам өлген кезде бірге өледі. Жер ғаламшарында адам санының тұрақтылығы да осы себептен болуы мүмкін. Яғни вирус араға жүз жыл салып, планетадағы адамдар санын тұрақтандыру үшін пайда болатын індет іспетті. Әр ғасырда жаңа індеттің қандай қауіппен келетінін ғалымдар болжай алмайды.Сондықтан оның шипасы да әлі күнге дейін табылмады. . Сондай-ақ араға ғасыр салып келген індет “тәж вирусы” деген атауға ие болды. Covid – 19 – жұқпалы жолмен тарайтын коронавирустың жаңа түрі. Індет ошағы – Қытайдың Ухань қаласы. Корнавирустың негізгі белгілері – дене қызуының көтерілуі, шаршау, құрғақ жөтел. Кейде ауру симптомдары білінбейді. Кезінде батырларымыз еліміз бен жерімізді қорғау үшін қолына найзасын алып, отбасынан жырақ кетіп күрессе, ал қазір елімізді вирустан қорғау үшін үйімізде тып етпей отыруға мәжбүрміз. Әрине, бұл вирустан құтылудың ең дұрыс шешімі. Ал біз үшін ақ халатты абзал жандар өмірді сақтап қалу үшін күресуде. ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметінше, вирусты жұқтырған науқастардың 80 пайызы жазылуда. Елімізде тексерістермен дизенфекциялау уақылы жүріп, алдын алу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, қашықтан оқу енгізіліп, жұмыс тоқтатылып, карантин жарияланды. Күтпеген жерден орын алған бұл оқиғада қашықтан оқу жарияланғанмен, онлайн оқу жүйесіне еліміз дайын емес екендігін мойындап, ойымыз сан – саққа кетті. Біреу өмір мен өлім арасында күресіп жатырса, біреулер балам қалай білім алады деп әбігерге түсуде. Бұны індет демей неме не? Ауыру айтып келмейді демекші, бұл вирустан кейін бүкіл адам абдырап, үрейленіп қалды. Десекте, әрбір адам өз денсаулығын күтініп, өзі үшін күш салуға міндетті. Вирустан қорғану үшін көпшілік жиналған орындарға бармау, тазалық сақтап, спиртпен, антисептиктермен қолды жуып тұру. Ең бастасы маска киіп жүру, адамдардан бір метр ара – қашықтықта болу. Осыларды орындау арқылы вирусты өзіңізге жұқтыртпауға болады. Бұл вирус бір жағынан адамды үнемі тазалықта жүруіне, айналасын таза ұстауына септігін тигізіп жатыр.
COVID-19 ғасыр індетіне айналып отыр. Әлемді жаулап алған бұл вирустың кесірінен көп адам қаза болды. Жазылып шығып жатырған адамдар болғанымен, белгілі тоқтауы, жою әдісі болмай тұр. Тіпті бұдан құтылудың белгілі мерзімі де жоқ. Жұқтырғандар саны көбеймесе, одан артып жетіліп жатырғаны шамалы. Дегенмен адамның айтқаны емес, Алланың қалауы болады емес пе? Бір күні бұл індеттің де бітер күні болар. Күтуден басқа амал жоқ.
Сондай-ақ, елімізде көптеген құндылық өзгеруде. Медицина қатаң қолға алынып, вируспен күресу жоспарлары орындалуда. Осы орайда Қазақстан Президентінің ғылым мен медицина саласына ерекше ден қоюы қуантады. Осы індеттен қорытынды шығарып, елімізде отандық ғылымды дамытуға, соның ішінде медицина саласын өрістетуге мүмкіндік туады деп үміт артудамыз. Айтуға онай шығар, атқаруға қиын болар дегенмен бұл салалар елімізде дамыса, отандық өнімді өзіміз қолдап тұтынсақ тұғыры биік ел болатынымыз анық. Пандемия 2020 – басымызға індет болып жазылғанымен келер алдағы жылдарымыз басымызға қуаныш болатынына сенімдіміз. Күшіміз біріксе бұл вирустыңда алдын алармыз. Көк туымыз желбіреп, Тәуелсіз ел екендігіміздіде көрсетіп, аспанда қыран құстай қалықтайтын күннің де туары анық. Үйде болыңыз, бұл індеттен құтылу үшін барлық сақтық шараларын қолға алыңыз! Бізбен бірге вирусты жоюға атсалысыңыз!

Талқаева Гүлім,
Атырау облысы, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының журналистика мамандығының 11 сынып оқушысы

Related posts

4 АҚПАН — ОБЫРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

ttjk

Карантиндік шараларды күшейту туралы

ttjk

Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісікпен ауырады

ttjk