Қаржы алаяқтарына қарсы құзырлы органмен күш біріктіреді

Ұлттық ұлан Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған жаңа жобаға бастама жасап отыр.

Жоба әскери қызметшілердің заңсыз схемалардың қатерлері туралы хабардарлығын арттыруға және алаяқтық құрылымдардың таралуына жол бермеуге бағытталған. Соның аясында Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында әскери қызметшілер ҚМА Превенция басқармасының басшысы Андрей Давыдов және «AML Academy» академиясының маманы Дархан Құсайынов кездесті. Олар қаржылық пирамиданы қалай тану керектігін, қандай инвестициялық ұсыныстарды мұқият тексерудің маңыздылығын, сондай-ақ әрбір азамат күдікті жобаны «Baiqa, piramida» ресми Telegram-боты арқылы қалай тексере алатынын егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ мамандар ғаламторда дроптар туралы күмәнді вакансиялар кездесетінін, олардың артында алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертті және азаматтардың жеке деректері мен қаржыларын ұрлау үшін қолданылатын фишинг және вишинг схемаларына тоқталды.

ҚМА Превенция басқармасының басшысы Андрей Давыдовтың айтуынша, Ұлттық ұланмен бірлесіп, біз әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылығын арттыру және оларды ықтимал тәуекелдер туралы ескерту міндеті қойылып отыр.  Алдағы уақытта мұндай іс-шараларды тек Бас қолбасшылық базасында ғана емес, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтарда да өткізу жоспарда бар. Сонда әскери қызметшілер барынша қажетті білім алып, өздерін және жақындарын алаяқтықтардан қорғай алады.

Бастама көтеріп отырған тараптар осы бағыттағы жұмысты одан әрі күшейтуді мақсат етіп отыр. ҚМА мен Ұлттық ұлан арасындағы нақты нәтижеге бағытталған кездесулерді әскердің өңірлік қолбасшылықтарында да өткізу жоспарланған. Алаяқтықтардың алдын алу мақсатында бұл күреске әскери тәрбиешілер де жұмылдырылады. Қос ведомство маңызды ақпараттардың әрбір сарбазға жетуін көздейді. Ұландықтар ҚМА-мен ынтымақтастық қаржылық алаяқтыққа байланысты қатерлерге тиімді ден қоюға, сондай-ақ әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

Related posts

HALYK BANK ЕЛІМІЗДЕ ІТ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАЙДЫ

ttjk

Мәжілісте Қазақстан-Венгрия ынтымақтастығы талқыланды

ttjk

Türkiye’s Most Popular Caravan Routes

ttjk