Алты жыл күттірген тасжол қолданысқа берілді

«ҚазАвтоЖол» Қарағанды-Балқаш тасжолын қайта жаңарту жұмысы аяқталғанын хабарлады. Құрылыс жұмысы 2019 жылы басталып  бес жылға созылған. Ұлттық компания бүгін автожол бойынша қозғалыс ашылғанын мәлімдеді.

Ұзындығы 363 шақырым болатын Орталық – Оңтүстік көлік дәлізінің учаскесі қайта жаңартылды.Енді трек III-ден I-b техникалық санатына ауыстырылды. Осының арқасында мұнда бөлгіш тосқауыл қоршауымен төрт жолақты қозғалыс ұйымдастырылды. Жоба аясында 11 көпір, ауыл шаруашылығы техникасына арналған 32 жол өтпесі, үш көлік айрығы, темір жол арқылы бір жол өтпесі салынды.

«Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін 18 демалыс алаңы, 24 автобус аялдамасы, сондай-ақ 1452 жарықтандыру тірегі орнатылған. Учаскедегі қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 18 мың автомобильге жетеді, жазғы кезеңде 25 мыңға дейін өседі», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

Тас жолда барлығы төрт миллион тоннаға жуық асфальтбетон қоспалары төселген.

Related posts

Стамбул станет центром круизного туризма в 2023 году

ttjk

Қазақстан мен Вьетнам: Стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі

Назия Жоямергенқызы

Абай облысында 10 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Назия Жоямергенқызы