АСТАНАДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАЙҚАУЫ

Астана қаласында 11-12 қараша күндері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы мен «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығында сағат 13:00-18:00 аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Үздік жоба идеялары» байқауы өтеді. Бұл туралы Kazinform елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Байқау ұйымдастырушылары – «Астана қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті.

Байқаудың мақсаты мен міндеті – парасаттылық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» идеологиясын ілгерілету, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмылдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобалардың идеяларын іздеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау.

Комиссия ұсынылған идеяларды 3 критерий бойынша бағалайды: өзектілігі, тиімділігі, ерекшелігі.
Байқау жеңімпаздарына диплом және ақшалай сертификаттар табысталады.

Марапаттау рәсімі Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған форумда өтеді.

Related posts

Алматы әкімі көз аурулары ҚазҒЗИ мен Қалалық кардиологиялық орталыққа барды

Журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

Назия Жоямергенқызы

Түркі әлемінің медиа кеңістігіндегі заманауи міндеттер талқыланып жатыр

Назия Жоямергенқызы