Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи жабдықтар сыйға берілді

Halyk Bank және AYALA қоры Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи реанимациялық жабдықтардың 18 бірлігін, оның ішінде дене салмағы өте төмен нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған 2 инкубаторды, 5 реанимациялық үстелді, 6 фототерапия шамын және 5 жоғары дәлдікті медициналық таразы берді.

«Бұл өте маңызды қайырымдылық жоба, себебі әңгімебіздің еліміздің болашақ ұрпағысәбилердің, жаңа туған қазақстандықтардың денсаулығы туралы болып отыр. Сондықтан Банк түрлі әлеуметтік маңызды жобалар бойынша біздің бұрыннан келе жатқан серіктесіміз AYALA қорының бастамасын қолдады. Осы жабдықтар мен жан-жақты қолдаудың арқасында Орталық мамандары балаларға уақытылы білікті көмек көрсетіп, дүниеге жаңа келген сәбилерге өмірлік жолдама беретініне сенімдіміз» — деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.

Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығыеліміздегі ең ірі перзентхана. Жыл сайын мұнда 8-8,5 мың әйел босанады, оның 12 пайызы — мерзімінен бұрын босанатындар. «Біздің орталық 2011 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істей бастады. Бірақ 10 жыл ішінде медициналық жабдықтар моральдық жағынан ескірген, сондықтан үнемі қымбат жөндеуді талап етіп, жиі істен шығады. Бізде орнатылған көптеген модель өндірістен алынып тасталды, бұл жиынтықтарды сатып алуды қиындатады. Әсіресе, құрал-жабдықтардың тапшылығы неонаталдық қызмет бөлімшелерінде өте өзекті. Енді Halyk Bank пен AYALA қорының қолдауыныңарқасында неонатология бөлімшесінің барлық қажеттіліктері қанағаттандырылды. Дәрігерлердің, ірі бизнес пен қордың біріккен қамқорлығы жаңа туған нәрестелердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі», — деп атап өтті Алматы қаласы Перинатологияжәне балалар кардиохирургиясы орталығы директорының орынбасары Светлана Александровна Лисогор.

Берілген жабдықтың жалпы құны 27 003 750 теңгені болған.

Қарқынды терапияға арналған инкубатор жылудың реттелуі жаңа туған нәрестелердің дене температурасын, қажетті ылғалдылықты және оттегінің деңгейін бір қалыпты ұстайды.

Ашық реанимациялық жүйе шала туған балаларды емдеу үшін оңтайлы микроклиматтық жағдайларды ұстап тұруүшін арнайы құрылған. Әдетте олар шала туады (салмағы өте аз) және нәрестелерге терідегі ұсақ тесіктер арқылы буланып кететін ылғалды жоғалтпай ұстауы керек. Дененің қалыпты температурасы 37,5С аспауы, ал іш температурасы 36,2 — 36,5С шегінде болуы тиіс. Ашық реанимациялық жүйеде осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін керуеттің, ауаның температурасының жайлы деңгейі мен сәулелі жылу берудің қуаты белгіленеді.

Фототерапия шамы жаңа туған нәрестелерді емдеуге көмектеседі. Сәби терісінің сарғаюыбұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына әсер ететін уытты билирубин деңгейінің ұлғаюы. Әсіресе ол шала туған балалардың арасында жиі кездеседі. Қандағы уытты билирубиннің жоғары деңгейі дамудағы кідірістерді, атетоидты церебралды сал ауруын, ішінара немесе толық сал ауруын, құрысуды, есту проблемаларын қоса алғанда, баланың бас миының қайтымсыз зақымдануына себеп болуы мүмкін.

Related posts

БЕЗОПАСНЫЙ ТУРИЗМ В ТУРЦИИ

ttjk

9-шы қыркүйекті «Тоғызқұмалақ күні» деп белгілеуді сұраймын — Әлихан Байменов

ttjk

Археологическая площадка Сагалассоса

ttjk