Қазақстан: індетке қарсы күрес

ҚР Премьер – Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық- эпидемемиологиялық жағдай қаралды. Отырыста сәуір айының қорытындысы бойынша вакцинациалауға жататын халықтың пайызы Covid-19 індетіне қарсы екпе алуы тиіс екені айтылды.

Елдегі жағдай мен халыққа екпе егу барысы туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» қосымшасын пайдалану мәселелері туралы «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов, өңірлердегі ахуал туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.

Primeminister.kz сайтының ақпараттарына сәйкес, бүгінгі  таңда санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталған. Ауруханалардағы жұқпалы аурулар жататын төсектер саны 41 пайызға дейін  азайса, реанимацияларда – 28 пайызға жуық. Қазіргі уақытта COVID-19 таралу қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстары «қызыл аймақта» орналасқан. Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, қалған барлық өңірлер – «сары аймақта».

Алтаева Іңкәр, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы Әл-Фараби атындағы мектеп – гимназиясының 11 сынып оқушысы

Related posts

«ХАЛЫҚ» ХАЛЫҚҚА КӨМЕКТЕСТІ

ttjk

10 Spectacular and Scenic Running Trails in France – Paris

ttjk

«Шеврон» және «ҚазМұнайГаз» көміртегі шығарындыларын азайту мүмкіндіктерін зерттеуге арналған ынтымақтастық туралы мәлімдеді

ttjk