Ақбөкен – Арқа бренді

Киік – Қазақстанның визит карточкасы, біздің еліміз оның популяциясын қалай сақтайтынын бүкіл әлем бақылайды, деп атап өтті ҚР БҒМ Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі Алексей Грачев.

Сондықтан оның санын басқару мәселесінде ешқандай жағдайда асығыс шешім қабылдауға болмайды, дейді ғалымдар. Институттың көпжылдық зерттеулері көрсеткендей, осы жылдар ішінде киіктер мен үй жануарлары арасында ерекше бәсекелестік болған жоқ. Ақбөкендер мал жемейтін көптеген өсімдіктерді жейді, ал жалпы азық-түлік қоры үй және жабайы тұяқтылар үшін жеткілікті.

Зоология институтының кең ауқымды зерттеулері киіктер мен үй тұяқтыларының саны ең көп болған жылдары (30-40 жыл бұрын) жүргізілген болатын. Қазақстанда үй жануарларының саны 1990 жылдары күрт төмендеді және мал жаю негізінен киіктер жүрмейтін елді мекендердің маңында жүргізіледі. Қазіргі жағдай қандай екенін ғалымдар нақты айта алмайды, өйткені қазіргі уақытта бұл мәселені зерттеу үшін арнайы мемлекеттік бағдарламалар жоқ. Сондықтан Зоология институты, ең алдымен, қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, мәселені егжей-тегжейлі зерделеу қажет деп есептейді.

«Мемлекет өз уақытында киіктердің санын қалпына келтіру үшін үлкен ресурстар жұмсады. Қазір ол тек қалпына келтіру сатысында, яғни ол әлі де максимумға жеткен жоқ», – дейді Алексей Грачев. Егер киіктердің ең көне популяция екенін ескерсек, кім кімнің жерін тартып алды деген заңды сұрақ туындайды. Жеке популяцияларды пайдалану туралы әңгіме, егер олар белгілі бір санға жеткен болса, екі ұшы бар таяқ болып табылады, өйткені егер сіз бір популяцияны қолдансаңыз, басқалары қорғалмаған болады, браконьерлік факторы артады. Сондықтан бұл мәселеге байыпты қарау керек. Жыл сайын киіктердің санын, олардың орналасуын есепке алу жүргізіледі, бірақ оларды зерделеу бойынша арнайы бағдарлама жоқ».

Ең алдымен, ол киіктің Орал популяциясының Тарихи таралу аймағы шегіндегі жерлердің нысаналы мақсатына, түрдің экологиялық ерекшеліктері мен оның табиғи мекендеу орындарын ескере отырып, ретроспективті талдау жүргізу қажет деп есептейді.

Екіншіден, ақбөкен үшін суаттармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу, жергілікті жердің гидрологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жасанды суаттар жасау мүмкіндіктерін зерделеу қажет.

Үшіншіден, жайылымдардың қазіргі заманғы азықтық сыйымдылығын және киіктің оңтайлы санын айқындау қажет.
Төртіншіден, азық пен суаттарға қатысты үй жануарларымен бәсекелестік дәрежесін, сондай-ақ киіктердің ауыл шаруашылығы алқаптарына келтірген ықтимал залалын анықтау қажет.

Сонымен қатар, түрдің ресурстарын сақтау мен басқарудың стратегиялық негізіне айналатын негізгі биологиялық және экологиялық параметрлерін (санын, жыныстық және жас құрамын, аумақтық таралуы мен маусымдық көші-қонды, шектеулі факторларды, популяцияның дамуын модельдеуді анықтау) анықтау қажет.

«Киік – брендтердің бірі, Қазақстанның визит карточкасы, оның популяциясының негізгі бөлігі бізде тұрады. Бүкіл әлем біздің оны қаншалықты сақтай алатынымызға қарайды. Көптеген халықаралық деңгейдегі ғалымдар киікті құтқаруды «қазақстандық ғажайып» деп атайды, өйткені олардың айтуынша, әлемде мұндай жағдай жоқ. Соған қарамастан, біздің елімізде өз өмірін ақбөкенді сақтауға арнаған адамдар мен мамандар табылды», – деп түйіндеді сарапшы.

Қазақстандағы киік Батыс Қазақстанда, Еділ мен Орал арасында, Үстіртте – ішінара Маңғыстауда, сондай-ақ Ақтөбе мен Атырау облыстарында мекендейді.

Ақбөкендердің ең көп саны – Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында мекендейтін Бетпақдала популяциясы.

Сурет: www.faunistics.com
ҚР БҒМ Зоология институтының баспасаөз бөлімі

Related posts

The future of Cycling Tourism was decided in 2023 EuroVelo & Cycling Tourism Conference

Назия Жоямергенқызы

JasQZ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

ttjk

This Is The Hot European City All Your Cool Friends Are Talking About

ttjk