Алматыда онкология және радиология орталығы ашық есік күндерін өткізеді

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!
2021 жылдың 20 және 27 қарашасында (сенбі күндері) Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да 09:00-ден 14:00-ге дейін халыққа арналған ашық есік күндері өткізіледі! Акция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған.

Акция шеңберінде жетекші онколог мамандардан халықтың келесі санаттары тегін кеңестер ала алады:

– 18-25 жастағы қыздар мен әйелдер: онкогинекологтың консультациясына, онкоцитологияға сүртінді алу және кіші жамбас ағзаларының УДЗ көрсетілімдері бойынша АПВ-тест тапсыра алады;

– Асқазанның созылмалы аурулары бар немесе жоқ 40 жастағы немесе 40-тан асқан ерлер мен әйелдер, бейнеэзофагогастроскопия зерттеуінен (зерттеу аш қарынға жүргізіледі);

– 50 мен 70 жастағы ерлер мен әйелдер-онкологтың консультациясын, кеуде қуысы ағзаларының төмен мөлшерлі компьютерлік томографиясынан өте алады.
Консультациялар мен тексерулер тегін жүргізіледі!

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91, Шәріпов көшесінің қиылысы (кіреберіс Абай жағынан).

Байланыс орталығының телефоны 8727 349 61 16.

Related posts

Признанная во всем мире «турецкая пахлава»

ttjk

ASLAN AYLESİNE BAŞ SAĞLIĞI

ttjk

Түркиядағы «Қауіпсіз туризм» бағдарламасы: Вакцинация бағдарламасы туризм қызметкерлеріне қауіпсіз

ttjk