АЛАНЬЯ-АНТАЛИЯ ЖОБАСЫ

 

«Түркітілдес журналисте қоры» 2017 жылдың 2-6 қазанында Түркияның Аланья және Анталия қаласында журналистерге арналған жобасын жүзеге асырады. Қатысушылар: журналистер, пиаршылар, баспасөз хатшылары, smm мамандары.

Жобаға қатысушылар Аланья қаласында екікүндік семинар-тренингке қатысып, халықаралық сертификат алады, Аланья мен Анталиядағы телеарна, радио, газеттер редакцияларында тәжірибе алмасып, Журналистер одағы мүшелерімен танысады. Сондай-ақ, Аланья әкімімен ресми кездесу бар.

Жоба ақылы. Қосымша ақпарат үшін 8 778 878 3408 нөміріне хабарласуға болады.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Қор үш жылдан бері қазақ журналистерге арналған тегін семинар-тренингтер, шеберлік сабақтары, пресс-турлар, дөңгелек үстел, конференциялар т.б. ұйымдастырып келеді.

2016 жылы Алматы, Астана, Атырау қалаларына 100-ден астам журналистің басын қосып, екікүндік тегін семинар-тренинг өткізді. Шараға Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Астана, Өскемен, Павлодар, Ақтау, Атырау, Қарағанды қалаларындағы БАҚ-та қызмет ететін әріптестер қатысты. Басты мақсат — журналистердің кәсіби білігін жетілдіру, мультимедиалық журналистиканың жаңалықтарын меңгеру, тәжірибе алмасу. 2017 жылы Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Кирения, Фамагуста, Никосия қалаларында қазақ журналистер үшін пресс-тур, Туризм мен қоршаған орта министрі, Ұлттық білім министрі және Ақпарат министрімен кездесу ұйымдастырды. Сондай-ақ, биыл тамыз айында Стамбұл, Ескішаһар, Йалова қалаларына да арнайы сапар ұйымдастырылған.

Алдағы уақытта БАҚ өкілдеріне арналған жобалар жалғасын табады.

Нәзия Жоямергенқызы,

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

«ЕРКІН СӨЗ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Назия Жоямергенқызы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

ttjk

Су тасқыны кезеңіндегі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы

ttjk