Агенттік төрағасы атынан хабарлама тарап жатыр

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) басшылығы қазақстандықтарға жалған жаңалықтың тарауына қатысты ескерту жариялады.

«Мемлекеттік қызмет істері агенттігі телеграм және уатсап мессенджерлерінде агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың атынан жалған аккаунттар ашу арқылы хабарламалар таратып жатқан алаяқтар туралы ескертеді»,  делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ хабарламада белгісіз адамдар қандай да бір деректерге қол жеткізу арқылы алаяқтық әрекеттер жасауға тырысатыны түсіндірілді. Ведомство қазақстандықтарды жалған хабарламаларға сенбеуді, жауап бермеуді және күмәнді сілтемелерге кірмеуді сұрап отыр.

Related posts

Қарулы күштерде Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан поэзиялық челлендж басталды

Көкпекті ауданында жол құрылысы жүріп жатыр

Түркістан түрмесінде бүлік шықты

editor