Көкпекті ауданында жол құрылысы жүріп жатыр

Көкпекті ауданында «Үлкенбөкен – Көкжайық – Үлгілімалшы» бағытындағы аудандық маңызы бар 26 шақырымдық автомобиль жолы салынып жатыр. Бұған дейін бұл жолға асфальт төселмей, тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келген.

Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде 11 шақырым жолға орташа жөндеу жасалуда. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Шілде айында басталған жөндеу барысында жолдың ойылып кеткен учаскелеріне алдын ала тас төселді. Қазір 14 техника мен 20 жұмысшы жұмылдырылып, 2 шақырымнан астам жерге асфальт төселді.

Екінші кезең бойынша 15 шақырымды жөндеу келесі жылы қаржыландыруға байланысты жүзеге асырылмақ.

Related posts

Қаржы алаяқтарына қарсы құзырлы органмен күш біріктіреді

editor

A waste-free future with “International Zero Waste Day” inspired by Türkiye

ttjk

9 мыңға жуық адам грант алды

editor