Қаңтардың 21-күні парламент мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына қатысуға 7 партия мүмкіндік алды. 8-ақпанға дейін Әділет министрлігіне тіркеліп, құжаттары заңға тура келген басқа партиялар да сайлауға қатыса алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиисиясы хабарлады.
Сайлау өтетіні туралы презиедент жарлығы шыққан 19-қаңтардан кейінгі екі күнде, яғни, 20-21-қаңтар аралығында тіркелген партиялар:
- «Қазақстанның Халық партиясы». 2002 жылы сәуір айында тіркелген.
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы. 2000 жылы наурыз айында тіркелген.
- «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. 2007 жылы қаңтар айында тіркелген.
- «AMANAT» партиясы. 1999 жылы ақпан айында тіркелген.
- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы. 1999 жылы ақпан айында тіркелген.
- «Байтақ» Қазақстандық жасылдар партиясы. 2022 жылы қараша айында тіркелген.
- «Республика» партиясы. 2023 жылы қаңтар айында тіркелген.
Мәжіліс пен мәслихатқа үміткер ұсыну 20-қаңтарда басталып, 8-ақпан кешкі 18:00 дейін жалғасады. 20-қаңтардан 18-ақпанға дейін ұсынылған кандидаттар тіркеледі. Үгіт-насихат жұмыстары 18-ақпан күні 18:00 ден 18-наурыз түнгі 00:00 дейін жалғасады.
Сурет: aa.com.tr