4 ақпан — Обырға қарсы күрес күні

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Біздің мақсатымыз — халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы ақпараттандыру.

Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жаңа оқиғалар тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 190 мыңға жуық қазақстандық тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан шамамен 14 мың адам көз жұмады.

Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп тараған түрлері: сүт безі обыры, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры және колоректалды обыр болып табылады.

Қазақстанда жатыр мойны обырын, сүт безі қатерлі ісігін және тік ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша ұлттық скринингтік бағдарламалар жүргізіледі. Қазақстан азаматтарына онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ГОБМП) кіреді және мемлекеттік бюджеттен толығымен қамтылған.

Қазақстанда онкологиялық көмекті жетілдіру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспардың міндеттерін іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы статистика

2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада 100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі ісіктермен (ҚТ) ауыру 173,5-ті құрады. Абсолютті түрде 32 526 жаңа жағдай анықталды. Сырқаттанушылықтың төмендеуі 11,4% құрады.

2020 жылы онкологиялық науқастар контингенті 190 159 науқасты құрады (2019 жылы – 186 326 пациент).

Онкологиялық аурулар құрылымында бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі (13,2%); екінші орында – өкпе қатерлі ісігі (10,4%), үшінші орында колоректальды қатерлі ісік (9,6%) тұр.

Ауырғандардың жас құрылымында 56,0% — еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімінің деректері бойынша 2020 жылы ҚІ-дан болатын өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 75,5 құрады, бұл 14 150 жағдай. Өлім деңгейінің төмендеуі 0,7% құрады.

Өлім-жітім құрылымында бірінші орында — өкпе қатерлі ісігі (16,4%), екінші орында — асқазан қатерлі ісігі (11,5%), үшінші орында-колоректальды қатерлі ісік (10,7%) және сүт безі қатерлі ісігі (7,8%) тұр.

2020 жылы 0-I сатыдағы онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау жаңа ҚІ жағдайларының жалпы құрылымында 25,5% — ды құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша бес жылдық өмір сүру деңгейі 54,0% құрады (2019 жылы – 52,5%).

Ересек тұрғындарға онкологиялық көмекті республикалық ұйымдар – «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазОжРҒЗИ), «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» АҚ (ҰҒОО), өңірлерде 15 онкологиялық диспансер/Орталық, 5 онкологиялық бөлімше және 452 онкологиялық кабинет жүзеге асырады.

сурет: islam.kz

Related posts

«СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ»

ttjk

Ж.МАХАМБЕТОВ АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

На Тенгизе запущен завод по производству гранулированной серы

ttjk