АҚСУ АУДАНЫНДАҒЫ КЕЛЕЛІ ІС

Алматы облысы Ақсу ауданында ауыл шаруашылығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы барған сайын кеңейіп келеді. Осы бағытта төл дақылымыз – қант қызылшасына ерекше назар аударылып, жыл өткен сайын егістік алқаптары ұлғайып келеді. Биылғы жылы қант қызылшасын қабылдау бағасы біршама өсіп отыр.

 

Өткен жылы 1 тонна қант қызылшасы құны 18000 теңге болса, биылғы жылы 22000 теңгені құрады. Яғни мемлекет тарапынан 10000 теңге субсидия берілсе, биыл 12000 теңгені құрамақ, «Ақсу қант» зауыты тарапынан бұрын 8000 теңге берілсе, енді 10000 теңгеге жеткізілді.
Өткен жылы ауданда 3167 гектар қант қызылшасы егіліп, 2 927 га қант қызылшасы дақылынан 87 600 тонна өнім жиналып, орташа өнімділігі 337,5 ц/га құрады. Суғару маусымында өзен суларының күрт төмендеуіне байланысты су тапшылығы орын алып, жоғары өнім алуға кері әсерін тигізді. 2021 жылға 3315 гектар қант қызылшасын себу жоспарланып, тұқымға сұраныстар берілуде. Бүгінгі күнге шетелдік тұқымға 666 себу бірлігі, 1350 келі отандық тұқымға сұраныстар берілді, шет елдік 1260 себу бірлігі тұқымы шаруа қожалықтарының өзінде бар.
2021 жылы 61 399 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын себу жоспарланып, егістік көлемі 382 гектарға ұлғайып отыр. Биылғы егіс науқанына 3 315 гектар қант қызылшасын себу жоспарланып, ол үшін 3000 гектар терең сүдігер дайындалды.


Ауданда қант қызылшасын өсірумен айналысатын 6 сервистік дайындау орталықтары жұмыс жасайды, қосымша 1 сервистік дайындау орталығын құруға сұраныс берілді.
«Ақсу қант» зауыты 2017 жылы қайта түлеп, іске қосылған болатын. Қайт іске қосылған соң жұмыс жасау қарқыны жыл өткен сайын ұлғайып, артып келеді. Алып кәсіпорынның өндіретін өнім сапасы, жаңа технологиялардың арқасында сапасы артып, оң нәтижеге қарай қадам басуда. Биылғы жылы қызылша жомы жаңа технологиялар көмегімен тығыздалып, брекеттелген түрде шығарылды. Бұл өнім аудан тұрғындарымен, алыс жақын аудандарға мал азығы ретінде қол жетімді бағада сатылды.

Қант қызылшасының көлемін ұлғайтып, мол өнім алу, қант зауытының жұмысы ауданның басты стратегиясы болып қала береді.
Ақсу ауданы баспасөз қызметі.

Related posts

Фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдері

ttjk

Сафранболу: таңғажайып тұрақты мәдени мұра

ttjk

«Баршаға мүмкіндік: Астанада мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беріледі

Назия Жоямергенқызы