HALYK BANK-ТЕН КОМИССИЯСЫЗ QR-ТӨЛЕМДЕР

Қазіргі сандық технология заманында төлемдерді қабылдаудың алуан түрі бар. Соның бірі тауарлар мен қызметтердің ақысын қабылдаудың оңай, қауіпсіз әрі ыңғайлы сервисі QR-төлем болып есептеледі. Осы орайда, Halyk Bank кәсіпкерлерге QR-төлемдерді қабылдау үшін қосымшаны комиссиясыз қолдануды ұсынды. Арнайы MerchantQR қосымшасын орнатып, 0% комиссиямен жеке жеңілдік тарифін пайдалануға болады.

Заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен кәсіби медиаторлар QR-төлем қызметін артық шығынсыз, қосымша қымбат жабдықтарсыз және комиссиясыз қолдана алады. QR-төлемдерді қабылдау үшін Merchant QR қосымшасын орнату да, қолдану да өте қарапайым.

КОМИССИЯСЫЗ QR-ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

• Merchant QR қосымшасын жүктеп алыңыз, оған тіркеліп, қосымшаға кіріңіз
• Merchant QR қосымшасы арқылы QR кодын жасаңыз да, кассалық аймақта, яғни сіздің тұтынушыңыз төлем жүргізетін орынға QR коды көрсетілген жапсырманы орналастырыңыз
• Сатып алушы төлем жасау кезінде QR кодтысканерлеуді ұсыныңыз
• Төлем жасау қажет соманы хабарлаңыз

Дайын! Жасаған төлем туралы ақпаратты СізMerchant QR қосымшасы және SMS арқылы автоматты түрде аласыз.

Halyk Bank ұсынған комиссиясыз QR-төлемдертуралы толық ақпаратты сілтеме бойынша — https://halykbank.kz/business/payment/qr-platezhiнемесе  

Банктің байланыс орталығы 7111 телефоны бойынша білуге болады (қоңырау шалу тегін)

Related posts

УЕФА 18 жастағы Қазақстандық қақпашыны Чемпиондар лигасының топ тізіміне қосты

Астанада лифт апаты: тұрғындар қауіпті жеделсатымен күнделікті тәуекелге баруға мәжбүр

Назия Жоямергенқызы

Алаяқтардан 3 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді