HALYK BANK-ТЕН КОМИССИЯСЫЗ QR-ТӨЛЕМДЕР

0
113 қаралды

Қазіргі сандық технология заманында төлемдерді қабылдаудың алуан түрі бар. Соның бірі тауарлар мен қызметтердің ақысын қабылдаудың оңай, қауіпсіз әрі ыңғайлы сервисі QR-төлем болып есептеледі. Осы орайда, Halyk Bank кәсіпкерлерге QR-төлемдерді қабылдау үшін қосымшаны комиссиясыз қолдануды ұсынды. Арнайы MerchantQR қосымшасын орнатып, 0% комиссиямен жеке жеңілдік тарифін пайдалануға болады.

Заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен кәсіби медиаторлар QR-төлем қызметін артық шығынсыз, қосымша қымбат жабдықтарсыз және комиссиясыз қолдана алады. QR-төлемдерді қабылдау үшін Merchant QR қосымшасын орнату да, қолдану да өте қарапайым.

КОМИССИЯСЫЗ QR-ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Merchant QR қосымшасын жүктеп алыңыз, оған тіркеліп, қосымшаға кіріңіз
Merchant QR қосымшасы арқылы QR кодын жасаңыз да, кассалық аймақта, яғни сіздің тұтынушыңыз төлем жүргізетін орынға QR коды көрсетілген жапсырманы орналастырыңыз
Сатып алушы төлем жасау кезінде QR кодтысканерлеуді ұсыныңыз
Төлем жасау қажет соманы хабарлаңыз

Дайын! Жасаған төлем туралы ақпаратты СізMerchant QR қосымшасы және SMS арқылы автоматты түрде аласыз.

Halyk Bank ұсынған комиссиясыз QR-төлемдертуралы толық ақпаратты сілтеме бойынша – https://halykbank.kz/business/payment/qr-platezhiнемесе  

Банктің байланыс орталығы 7111 телефоны бойынша білуге болады (қоңырау шалу тегін)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.