УЕФА 18 жастағы Қазақстандық қақпашыны Чемпиондар лигасының топ тізіміне қосты

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза қайтарған айып добын Чемпиондар лигасы ойын күніндегі үздіктердің қатарына қосты.

УЕФА-ның баспасөз қызметі жазба жариялап, жанкүйерлерден қай қақпашы жасаған сейв үздік болғанын сұрады.

Алматылықтардың 18 жастағы қақпашысы «Спортингке» қарсы матчтің бесінші минутында жасаған сейв үздік бестікке енді.

Шерхан Қалмұрза – ЛЧ тарихындағы ең жас қақпашылардың бірі. Шерхан – «Қайраттың» үшінші қақпашысы. Ол негізгі құрамға Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алған соң шықты.

«Спортингке» қарсы матч – оның Чемпиондар лигасындағы ғана емес, жалпы ересектер арасындағы алғашқы ойыны болды.

Ойын басталған сәтте Шерханға небәрі 18 жас 96 күн еді. Бұл оған Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас үш қақпашының қатарына енуге мүмкіндік берді.

Матч 4:1 есебімен аяқталды.

Related posts

Вызовы и перспективы государственной службы были обсуждены 200 практиками, учеными и экспертами из 20 стран мира

ttjk

627 әскери қызметші жоғары оқу орындарының білім грантын алды

editor

І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ ФОРУМЫ

ttjk