«ӘЛЕУМЕТТІК ЖУРНАЛИСТИКА: БАҚ-ТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР»

Қазақстанның барлық облыс-аудандарындағы БАҚ өкілдерін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Атырау қалаларында болатын тегін семинар-тренингке шақырамыз.

Түркітілдес журналистер қоры 2020 жылдың шілде-тамыз айларында «Шеврон» компаниясының қаржылай қолдауымен Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау қалаларында «Әлеуметтік журналистика БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбына семинар-тренинг өткізеді. Қатысушылардың жол (ұшақ, пойыз, автобус), тамақ және қонақүй шығындарын Түркітілдес журналистер қоры өтейді. Аталған семинар-тренингке еліміздің барлық облыс, қала, аудан, ауылдарынан журналистер іріктеліп алынады. Қойылатын талап: жас ерекшелігі (18-30 жас арасы). Қатысуға ниетті журналистер Түркітілдес журналистер қорының ttjk2014@gmail.com электронды поштасына аты-жөні, редакциясы, ұялы телефон нөмірі мен әлеуметтік тақырыпқа жазған 3 материалын жолдауы тиіс. Семинарға қабылданған журналистерге Ұйымдастыру комитетінің мүшелері хабарласып, қосымша ақпарат береді.

«Түркітілдес журналситер қоры» ҚҚ.

Related posts

COVID-2019: «ШЕВРОННАН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК

ttjk

ТИІМДІ СЕРІКТЕСТІК

ttjk

«ҚАШЫҚТАН ОҚУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

ttjk