БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ КЕҢЕС: «ҮЗДІК БЕСТІК»

Журналистика факультеті бар топ 5 университет.

Журналисттика мамандығына жыл сайын мектеп бітірушілердің қызығушылықтары артып келеді. Дегенмен көпшілігі журналистика факультетіне қалай түсу керек екені жайлы білмейді. Шығармашылық емтиханнан хабарсыз. Университет таңдауда қиналады. Бүгін журналистика мамандығына түсуге болатын үздік бестіктегі университеттер жайлы ақпарат берсем деймін…
2019 жылы жалпы Қазақстан бойынша 138 түлек «Журналистика және репортер ісі» мамандығына грантқа түскен. Жалпы конкурс бойынша сертификаттың балл сомасы 116 болса, ауылдық конкурспен 113 балл болған. Толық 120 баллдың 40 ҰБТ-дан ал 80 балл өзіңіз таңдаған университет қабырғасындағы 2 кезеңдік емтиханның нәтижесінде жиналады.

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (ҚазҰУ). Еліміздегі танымал журналисттер білім алған, қарашаңырақ білім ордасы. Журналистика факультетінде білікті профессор-оқытушылыр құрамы қызмет атқарады. ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне түсу оңай емес, себебі, еліміздің кіл мықтылары осында тапсырады. Бәсекелестік мол. Грантқа түсу көп дайындықты талап етеді.

2. Сүлеймен Демирел Университеті (СДУ). Бұл оқу орны заманауи мультимедиалық журналстиканы тереңірек оқытып, білікті манмандар ды даярлап шығарады. Студент алмасу бағдарламасы әлемнің 25 елінде 84 университетпен жүзеге асады. Түлектерге жыл сайын түрлі мамандықтар бойыншша SPT олимпиадасы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға 100-15% аралығында гранттар беріледі. Бұл гранттар оқуға түсу барысында үлкен көмегін тигізеді.

3. Еуразия Ұлттық Университеті. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Журналистика және саясатт факультетінде баспа ісі, журналистика мамандықтары оқытылады. Факультетте оқу үрдісі әлемдік білім беру кеңістігіндегі Болон процесі контекстінде оқылады. Журналистика мамандығын докторантура бағдарламасына дейін оқуға болады.
4. Халықаралық Аққпараттық Технологиялар Университеті (IT). Қазақстандағы алғашқы IT университеті. Университетің айтуы бойынша биыл «электронды журналистика» мамандығына 43 грант бөлініп отыр. Бұл университетте БАҚ және ақпараттық қауіпсіздік, заманауи журналистердіоқытудың ерекше бағыты қолға алынған. Университет тарапынан жыл сайын олимпиада ұйымдастырылып, гранттар ойнатылады. Жеңімпаздар бірінші, екінші, үшінші орындармен қоса оқу гранттарын ұтып ала алады. Және ректорлық шәкірт ақыда бөлінеді.

5. Ахмет Ясауи Университеті. Түркістан қаласында орналасқан. Бұл университетті бітірген адамның 4 тілді меңгеріп шығуына мүмкіндігі мол. Университет қабырғасында жалпы журналистиканы меңгеріп шығасыз. Шығармашылық емтиханнан өту 94 балл. Ақылы бөлімде оқитындарға 350 000тг.

Тұрысбек Айғаным
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы,Ақбастау ауылы
11-сынып оқушысы

Related posts

МАРАШ БАЛМҰЗДАҒЫ мен ИРМИК ХЕЛВАСЫ

ttjk

HALYK BANK-ТЕН КОМИССИЯСЫЗ QR-ТӨЛЕМДЕР

ttjk

Доступный туризм для всех: как активисты развивают инклюзивный туризм в Акмолинской области

ttjk