Қазақстан қонақ үйіне пресс-тур

Бүгін Түркі тілдес журналисттер қорының мүшелері мен бірге Алматы қаласындағы Қазақстан қонақ үйінде пресс-турда болып қайттық.

Зәулім 25 бес этажды қонақ үйдің ішіне кіру бала кезімдегы армандарымнын бірі болатын. Бүгін сол арман кеш болса да орындалып қана қоймай екінің бірі тіпті қонақ үй қызметкерлері кіре алмайтын ең жоғарғы қабатын көру бұйырыпты…

Жалпы қонақ үйі ісі дегенде түрік ағайынға жетер ешкім жоқ. «Мен осылай бір күнде бастық болып отырған жоқпын» дейді Шенол бей әңгіме барысында… «Ең алғаш жұмысым қара жұмыстан басталған, мен ғана емес барша қонақ үй басшылары осы баспалдақтан өтеді, бұл біздің әр істі тиянақты біліп отыруымызга үлкен көмек сондай ақ жаңа бастамаларды қолдап отырамыз». Расымен де қонақ үйді аралау барысында көптеген артықшылықтарды көріп тамсанып қайттык. Қазақстандық қонақ үйдің қара шаңырағы деуге тұрарлық қонақ үй ең бастысы ұлттық нақышта безендірілді. Қонақ үй төбесіндегы тәж қонақ үйдің бренды екен. Ол тәжді әрбір ыдыстан таба аласыз. Тіпті жерге төселген кілемде осы тәжді бейнелепты. Суретте қонақ үй басшыларымен бірге. Далаға жайылған дастарқан басында..

Related posts

editor

Жылыту маусымына дайындық ерекше бақылауда

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы туризмді дамыту жөнінде кеңес өткізді