Жылу желілерінің 63 пайызы ескірген

Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы  былтыр шаһардағы 20 шақырым жылумен жабдықтау желілері, 220 шақырым электрмен жабдықтау желілері жаңартылып, 85 қазандық қайта құрылғанын мәлім етті. Атқарылған шаралар жылу беру тиімділігін арттыруға септігін тигізген.

Ал биыл тағы бірқатар ауқымды міндет жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 40 км жылумен жабдықтау желілерін және 240 км электрмен жабдықтау желілерін жаңғыртылып, 21 қазандықты қайта жаңарту қолға алынбақ. «Қабылданатын шаралар инфрақұрылымның тозуын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді» дейді жауаптылар.

2024-2025 жылдары жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 3,8%-ға төмендеп, 54,1% болса, электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 1,7%-ға азайып, 63,3%-ға жеткен.

 

Related posts

Полиция басшылары ұсталды

editor

Ербол Хамитов Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Назия Жоямергенқызы

Памуккаленің тарихи курорттары мен емдік дәстүрлері

ttjk