Алматыда атыс болды

Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы «Мята» ойын-сауық орнында атыс болып, оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, медициналық сарапшылар келген.

Атыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде жария болды. Куәгерлердің айтуынша, алғашында төбелес болып, арты атысқа айналған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша жанжал бейтаныс адамдар арасында болған»,  деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Related posts

Төрт адамның өлімі: Сәрсемалиевтің сот залындағы реакциясы видеоға түсіп қалды

Назия Жоямергенқызы

Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Назия Жоямергенқызы

Қорғаныс министрінің орынбасары: Сарбаздың сұрағанын бере бермеу қажет

editor