Шекара академиясының курсанты көз жұмды

Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты көз жұмды.19 жастағы курсант 12-қабатты үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кеткен.

Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берілді. «Бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себеп пен мән-жайлар белгіленеді», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Петропавлда үйлердің бірінің жертөлесінде қорғаныс істері департаментінің келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшісінің денесі табылды. Оның алдында ғана Аягөзде тағы бір офицер суицид жасап, қайтыс болған еді.

Related posts

Алимент төлеуден жалтарып жүрген 326 борышкер құмар ойындарға 800 млн теңгеден аса ақша салған

editor

ТҮРКСОЙ-ҚАЗАҚСТАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТТЫ

ttjk

Қазақстан бір плацкарт вагонды 1 млрд теңгеге сатып алады

editor