Әскери тілші Мақсат Насырға алғыс хат табысталды

2026 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің маманы, мобилограф әрі әскери тілші Мақсат Насырға кәсіби еңбегі үшін алғыс хат табысталды.

Мақсат Насыр Ұлттық ұланның тыныс-тіршілігін, әскери қызметшілердің күнделікті қызметін, оқу-жаттығулар мен арнайы бөлімшелердің жұмысын фото және бейнематериалдар арқылы таныстырып келеді. Ол әскери тақырыптағы ақпаратты заманауи форматта ұсынып, ресми және жеке әлеуметтік желі парақшаларында жариялайды.

Кәсіби жұмыстарының қатарында «Бүркіт» арнайы жасағындағы әйел әскери қызметші туралы материалдар, сондай-ақ «100 SARBAZ» әскери-патриоттық жобасы мен түрлі оқу-жаттығуларға арналған медиаматериалдар бар.

Оның қызметі әскер мен қоғам арасындағы ақпараттық байланысты нығайтуға, әскери қызметтің маңызын түсіндіруге және жастар арасында отаншылдық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

Related posts

Курултай социальных предпринимателей проходит в Мангистауской и Атырауской областях (видео)

ttjk

Қос елдің достығы ынтымаққа жол ашады

editor

HALYK BANK ҰСТАЗҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

ttjk