Астаналық кәсіпкерлер жаңа Конституция жобасын талқыға салды

Бүгін Астана қаласында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының елордалық Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Жанаргүл Құлмағамбетова «Comfort Hotel Astana» қонақ үйінің ұжымымен кездесу барысында ҚР Конституциялық реформаларын талқыға салды.

Кездесу барысында Жанаргүл Құлмағамбетова«Жыл сайын жарияланатын Жолдау шеңберінде 2025 жылдың 8 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірпалаталы Парламентке көшу көзделген конституциялық реформаны өткізуге ұсыныс білдірді. 2025 жылдың 8 қазанында Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылған еді. Аталған Жұмыс тобының құрамына жетекші құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар фракцияларының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мүше болды. Биыл 21 қаңтарда 130-дан астам сарапшыдан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Ал 11 ақпанда Президент 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды», — деді.

Жанаргүл Жұмабайқызы аталған құжаттың жобасын депутаттар, жазушылар, ақындар, филологтар, журналистерден құралған 130-дан астам азамат тартылған айтты: «Жаңа Конституцияда «Миранда» ережесі бойынша әр адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеу негіздері және оның құқықтары түсіндіріледі. Ұсталған адамның, күдіктінің, айыпталушының тиісінше ұсталған, күдікті ретінде танылған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокат (қорғаушы) көмегiн пайдалануға құқығы бар. Сондай-ақ әр адамға жеке бас бостандығы мен жеке басына қол сұғылмау құқығына кепілдік беріледі».

Жаңа Конституция бойынша «Парламент» бөлімі «Құрылтай» аталған. Құрылтайға 145 депутат бес жылдық мерзімге сайланады. Бүгінде Қоғамның қызу талқысына түскен Конституция жобасында преамбула, 11 бөлім және 96 бап қамтылған. Құжатта ескі Конституцияның 84 пайызы өзгеретіні және преамбуласы жаңадан жазылғаны айтылды.

Жаңа Конституция жобасында елімізде саяси институт – Халық кеңесі құрылады. Бұл туралы Жанаргүл Жұмабайқызы: «Жаңа Конституцияда мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары нақты жазылған. Адам, ғылым, инновация, технология, адами капитал, яғни осы құндылықтар Конституцияда арнайы баптармен бекітілген. Сондай-ақ, зияткерлік меншік заңмен қорғалады. Әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар, барлық меншік (субъектілер мен объектілер) түрі заң бойынша тең қорғалатыны нақты айқындалған. Бұл кәсіпкерлерге де қатысты. Жаіа Конституция жобасында жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі», — деді.

Астаналық кәсіпкерлер жиылысында неке және отбасы мемлекет қорғауында болатыны, неке – ер мен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы екені ескертілді.

 

Related posts

КАК ПРАВИЛЬНО ПИСАТЬ О МИГРАЦИИ: МОБИЛЬНЫЙ КУРС ОТ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ КАЗНУ

editor

100 жыл халықпен бірге: Halyk Bank-ке 100 жыл

ttjk

Үміт ШАЯХМЕТОВА: ХАЛЫҚ БАНКТЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚ БАР, ҚАРАЖАТ ЖЕТКІЛІКТІ

ttjk