Құрылыс саласы өкілдері бұрынғы уақыт белдеуін қалпына келтіруді талап етті

Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы елде бұрын қолданылған уақыт тәртібін қайта енгізу жөнінде бастама көтеріп, арнайы петиция жариялады.

Бұл туралы ұйым Threads әлеуметтік платформасындағы парақшасында хабарлады. Жазбада Сауда және интеграция министрлігіне жолданған өтінішке сілтеме беріліп, «бұрынғы уақыт жүйесін қайтаруды сұраймыз» деп көрсетілген.

Құрылыс саласында еңбек етіп жүрген азаматтар уақыт белдеуін ауыстыру туралы шешім жұмыс орнына бармайтын, кеңседе қызмет атқаратын тұлғалар тарапынан қабылданған деп есептейді. Петиция авторлары ел аумағында біртұтас уақыт енгізудің қол еңбегімен айналысатын адамдарға бірқатар қолайсыздық туғызғанын алға тартқан.

Аталған бастама 11 желтоқсанда жарияланып, қысқа уақыт ішінде қажетті 50 қол жинап үлгерген.

Айта кетейік, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан ресми түрде бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшкен болатын. Соның нәтижесінде бірқатар өңірлерде уақыт көрсеткіші бір сағатқа кейін шегерілді.

Related posts

АЛАЯҚТЫҚПЕН СОТТАЛҒАН ШЕНЕУНІК БАСШЫЛЫҚҚА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

БРЮССЕЛЬДЕ V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ БОЛАДЫ

Назия Жоямергенқызы

59 теміржол вокзалы жөндеу көрмеген

editor