Зейнетақы қорындағы жинақ 20 триллион теңгеге жетті

Елімізде зейнетақыға жиналған қаржы мөлшерінің көбісі алматылықтардың үлесіне тиіп отыр.

Азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жиналған ақшасы 20 триллион теңгеге жеткен. Ұлттық банктің мәліметінше, Алматы тұрғындарының зейнетақы қорында жатқан сома бүгінде 4 триллион теңгеден асады. Одан кейін 2,3 триллион теңге көрсеткішпен Астана тұрғындары тұрса, халық жинағына жиналған 1 жарым триллион теңгеден аса ақшасымен Қарағанды облысы үшінші орында жайғасқан. Ал ең аз қор Ұлытау мен Алматы облысының азаматтарына тиесілі.

Ел бойынша жинақтардың ең көп көлемі 31 мен 40 жас аралығындағы салымшыларда болса, олардың 3 миллионнан асатын жеке шотында шамамен 6 триллион теңге жиналған.
Айта кетсек, қазір міндетті жарналар бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының саны 11 миллионнан асты.

 

Related posts

Шенеуніктердің айлығы туралы ақпарат азаматтар үшін қолжетімді болады

editor

The Eastern Express, one of the world’s most iconic train services is ready for the new season

ttjk

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады

Назия Жоямергенқызы