ФРАНЦУЗДАРМЕН СЕРІКТЕСТІК

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан-Франция» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Палата президенті, «КАТКО» ЖШС бас директоры Жерар Фриестің басшылық етуімен «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында сауда және инвестициялар, энергетика және мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм және басқа да салалардағы Қазақстан–Франция қарым-қатынасын нығайту мәселелері қаралды.

Анықтама: 2017 жылы Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 3,39 млрд АҚШ долларына тең болған (экспорт — $2,86 млрд, импорт — $535 млн), бұл 2016 жылға қарағанда 38%-ға жоғары ($2,45 млрд).

2005 жылдан бастап 2017 жылдың І жартыжылдығына дейін ҚР экономикасына француз инвестицияларының көлемі —  13,77 млрд доллар.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда «Тоталь», «Арева», «Данон», «Викат», «Пежо», «Альстом» секілді және т.б. жалпы саны 140-тан астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

Абай облысының әкімі полиция қызметкерлерін құттықтады

ЮНЕСКО кафедрасы III PR Қысқы мектебін өткізеді

ttjk

САМИТТЕ АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ПРОБЛЕМАСЫ АЙТЫЛДЫ

Назия Жоямергенқызы