ЕЛШІ МАЖАРСТАНДА СУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Будапешт, 2025 жылғы 3 маусым — Будапешттегі “Pureco Ltd.” компаниясының орталық кеңсесінде Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлының сумен жабдықтау, ағынды суларды тазарту және нөсер суларды басқару саласындағы орнықты шешімдерге маманданған компания басшылығымен кездесуі өтті.
Келіссөз барысында тараптар Қазақстанда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту шеңберіндегі ықтимал ынтымақтастықты, оның ішінде шалғай және ауылдық өңірлерде заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. Әсіресе, өндірісті жергіліктендіру, техникалық әріптестік орнату, сондай-ақ компанияның Қазақстан Республикасындағы экологиялық бағыттағы жобаларға қатысу мүмкіндіктері ерекше назарда болды.

 

Related posts

Алматыда «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылды: ол кімге арналған және қалай өтініш беруге болады?

Назия Жоямергенқызы

Ақтөбе қаласының ауасы ластануы мүмкін

editor

Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София

ttjk