Журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

Танымал журналист Диас Ахметшәріп 48 жасында қайтыс болды.

2025 жылдың 8 мамырында марқұм миына қан құйылып, комаға түскен болатын.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері журналистің жағдайы ауыр екенін,  жансақтау бөлімінде жатқанын айтқан.

Диас Ахметшәріп журналистік қызметін 1997 жылы Қазақ радиосында тілші ретінде бастаған. «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт комментаторы болды.

Мемлекеттік «Қазспорт» телеарнасының алғашқы директоры, «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды.

2003 жылдан 2007 жылға дейін ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Related posts

Тікұшақ құлаған жерге авиация генералы келді

editor

Паландокен: зимнее удовольствие на вершине

ttjk

Назарбаев университетінде бөлінген қаржы тиімсіз игерілген

editor