Рухты ақын Темірхан Медетбек өмірден өтті

 

Қазақ руханияты мен әдебиеті тағы бір абызынан айырылды. 81 жасқа таяған шағында Қазақстанның халық жазушысы, танымал ақын, қоғам қайраткері Темірхан Медетбек өмірден өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, қоғам қайраткері Темірхан Медетбектің дүниеден озуына байланысты оның жанұясы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Жазушылар тілінде айтқанда, Темірхан Медетбектің сөзі – халық рухының дауысы, қаламы – ақиқаттың жаршысы. Ол қасиетті қаруын өмірінің соңына дейін қолынан тастаған жоқ. Жеделхатта:

-Қазақ баспасөзінің өркендеуіне елеулі еңбек сіңіріп, нағыз шығармашыл тұлға ретінде өнегелі өмір сүрді. Соңына әдеби бай мұра қалдырған Темірхан Медетбектің жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды, – делінген.

Оның поэзиядағы бағыты, мәнері, болмысы ерекше. Ойы айқын, батыл да қайсар. Өлең жолдары жасандылықтан аулақ, табиғилығымен тартады. Артық әсірелеуге ұмтылмайды, шындықты дәл жеткізеді. Ол әдебиетті шын сүйді, әдебиетке адал болды.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы
Компьютерлік технологиялар кафедрасы
Медиажурналистика мамандығының
1-ші курс студенті
Бекарыс Сұлтанғазин

Related posts

Австрияға тікелей рейс ашылады

editor

Travel Guide to The Best Creta Maris Beach Resorts

ttjk

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Назия Жоямергенқызы