Ақмола облысында ауылдар көркейіп, жаңа жобалар жүзеге асуда

 

Ақмола облысында “Ауыл – Ел бесігі” жобасы аясында ауылдарды дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл бағдарлама 2019 жылдан бері іске асып келеді және бүгінде ауылдық жерлердің жағдайын жақсартуға бағытталған басты бастамалардың біріне айналды.
Осы уақыт ішінде 387 жоба жүзеге асырылып, мектептер мен ауруханалар, спорт және мәдениет нысандары жөнделді немесе жаңадан салынды. Ауылішілік жолдар жөнделіп, әлеуметтік жағдайды жақсартуға көп көңіл бөлінді. Нәтижесінде 277 мыңнан астам тұрғынның өмір сапасы артты, көптеген ауылға жаңа тыныс берілді. Сонымен қатар, 1 600-ден астам жұмыс орны ашылып, халықты жұмыспен қамту да назардан тыс қалмады.
Биыл да жұмыстар жалғасады – бұрын басталған 37 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Бұған қоса, “Ауыл – Ел бесігі” мен “Ауыл аманаты” бағдарламалары біріктіріліп, кәсіпкерлікке қолдау артып, логистика мен инфрақұрылым мәселелері шешіле түспек.

 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ
Ұлттык өнер академиясы
Компьютерлік технологиялар
кафедрасы
Медиажурналистика
мамандығының 1-курс
студенті Сымбат Ербол

Related posts

Карахантепе мен Гөбеклитепедегі көне ескерткіштер табылды

Назия Жоямергенқызы

Halyk Bank  «Бөпе» науқанын іске қосты. Балаңыз үшін қажет әрі пайдалы сыйлықтарды ұтып алу үшін не істеу керек?

ttjk

Experience the beauty of İstanbul in the Golden Glow of the September Sun

editor