САБАҒЫҢЫЗДЫ ҚЫЗЫҚТЫ ҚЫЛЫП ӨТКІЗГІҢІЗ КЕЛСЕ…

Мектептегі оқушы кезімде үнемі қызығатын екі пән болатын, қазақ тілі мен әдебиеті. Сыныпқа сол сабақтар үшін асығатынмын. Себебі, ол пән өзге пәндерден қарағанда қызықты өтуші еді. Қазір өзім де мұғаліммін. Оқушыларымның да дәл мендей сабағыма қызығып, салғырттық танытпай, алғырттықпен оқығанын қалаймын.

Қазір жаңа технология мұғалімдер үшін небір мүмкіндіктерді жасады. Сабағыңызды қызықты қылып өткізгіңіз келсе интернеттегі идеялар сан мың үлгіні көрсетеді. Десе де, мен үшін ең тиімдісі topIQ дер едім.

TopIQ-дің қандай артықшылықтары бар?

Сайтты қазақ және орыс тілінде қолдана аласыз. Платформаға 1-11 сынып арасындағы бірнеше оқулық жүктелген. Кәдімгі кітапханадан бірнеше есе артықшылығы бар. «Іздеу» батырмасы арқылы іздегеніңізді әп сәтте тауып алуға болады. Оқулықтар тек мектеп оқушылары үшін ғана емес, кішкентай бүлдіршіндерге арналған кітаптар да бар. «Қазақстан халқы ертегіліері» кітабы соның бір мысалы дер едім. Ішіндегі ертегілерді тілі жаңа шыққан бүлдіршіндер де түсініп алатына күмәнім жоқ.

Сабағыңызға оқушы  неліктен қызықпайды ?

Рас, кейде сабаққа мүлдем қызықпайтын, мектепке амалсыздан аяқ басатын оқушыларды кездестіреміз. Мұндай жағдайда оқушыны кінәлауға болмайды. Оқушының сабаққа қызығушылығының болмауы, оқушының емес, ол сабақты қызықты еткізіп өте алмаған мұғалімнің айыбы. Оқушы сабағыңызға қызығу үшін түрлі көмекші құралдарды пайдалануға болады. Мектеп оқулығынан тыс кітаптармен жұмыстануға TopIQ мүмкіндік береді.

Шалғай ауыл мектептеріне әлі де оқулық жетпейді

Мұғалім болған соң оқу жылы басында бірнеше мәселерді көзбе-көз көріп жүрміз. Оқушы көп мектептерге кітап жетпей қалып жатады. Амалсыздан, бір кітапты екі оқушы оқуға мәжбүр. Алайда, бүгінгі күні кез келген оқушының қолында соңғы үлгідегі смартфон бар. TopIQ плафтормасын телефон арқылы да қолдана аласыз. Бұл мұғалімдер үшін де тиімді болары анық.

Ы.Алтынсарин: “Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім”

Бүгінгі мұғалімге үлгі боларлық тарихта аты қалған талай ұстаздар бар. «Кел балалар, оқылық!», – деп шәкірттерді білімге шақырған Ыбырайды соның бір үлгісі деп алуға болады. Аш қасқыр жемтігіне қалай құштар болса, мұғалім де оқушысына білім беруге солай құштар болуы керек.

Қазір сандық технология сәт сайын дамуда. Көз ілеспейтін жаңа дәуірде қолымыздағы құрылғы көп нәрсеге мүмкіндік береді. Бірақ, уақытымыз бен осы құрылғыны дұрыс қолдана алмай жүрміз. Шетелде цифрлық технология адамның игілігіне жұмыс жасауда, Ал , біздің елде сандық дәуір дамып жатыр десек те, көп білім беру ошақтарындағы мұғалімдер жаңа жүйеге әлі де ауыса алмай жүр. Ал, аты аңызға айналған әлемдегі Гарвард, Оксфорд секілді университеттерге қарасақ, мұндай оқу орындары технологияның пайдасын алғашқылардың бірі болып көріп жүр. TopIQ платформасы қолдану үшін өте жеңіл, кез келген жастағы адам тез меңгеріп ала алады.

Әріптесім TopIQ туралы не дейді?

Султангалиева Актолкын Бактыгалиевна (Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі)

TopIQ платформасын мен де сабағымда қолданамын. Қазір жастар жаңа технологияны тез меңгереді ғой. Осы платформаны екі жылдан бері сабағында қолданып, шәкірттерін де осы платформаны еркін пайдалануға баулып жүрген мектебіміздің жас маманы Нысанғалиев Данияр Дидарұлы маған да үйретіп жүр. Сабағымызда ақылдаса отырып бірге қолданамыз. Осыған дейін мен деңгейлік курстардан оқып Сингапур  университетінің түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып келдім. Шетелдік технологияға тәуелді болып келген бізге ендігі жерде осындай отандық платформаларды қолданып, дамытуға ой- пікір айтып үлес қосатын уақыт жетті. Бұнда 1-11сыныптарға  сабаққа қажетті тақырыптарға оқулықтан тыс материалдар, яғни көмекші құралдар жетерлік. Методикалық кеңестерде де Данияр Дидарұлы TopIQ платформасын телефон арқылы да пайдалануға болатынын көрсетті. Қазіргі сандық технологияның сұранысқа ие заманында бұл платформа ең тиімді  және әлі де даму үстінде деп ойлаймын.

Сөз соңы

Отандық платформа біз үшін қашан да үздік. Еліміздегі білім саласының озық болуына сіз де, біз де үлес қосайық, оқырман!

Нысанғалиев Данияр Дидарұлы

БҚО, Жаңақала ауданы

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Related posts

АТЫРАУЛЫҚ ЖАСТАРҒА – «САМҒАУ» БИЗНЕС-ФЕСТИВАЛІ

ttjk

БОДРУМ – ЛЮБИМОЕ НАПРАВЛЕНИЕ ТУРИСТОВ

ttjk

Түркиядағы Қара теңіздің таулы аймақтары ұмытылмас әсер сыйлайды

ttjk