“Ауыл аманаты” бағдарламасына өзгерістер енгізілді: 2,5%-бен микронесие және жаңа бағыттар

 

2025 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі “Ауыл аманаты” бағдарламасын жаңаша модельде іске асыруды қолға алды. Жаңартылған тұжырымдама ауылдарды кешенді дамытуға бағытталып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қатар жақсартуды көздейді.

Бағдарлама аясында даму әлеуеті жоғары ауылдарда су, жылу, электр, газ жүйелері жаңартылып, қолайлы өмір сүру жағдайы жасалады. Сонымен қатар, ауыл кәсіпкерлігін қолдау үшін 2,5% мөлшерлемемен шағын несие мен лизинг ұсынылады.

Министрлік елді мекендердің мамандануын анықтау әдістерін қайта қарап, микронесие беру бағыттарын кеңейтуде. Аймақтардың ерекшелігіне сай жаңа қызмет түрлері енгізілуде. Мысалы, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының ұсынысы бойынша туризм саласы перспективалық бағыт ретінде таңдалды.

Сондай-ақ ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында шағын индустриялық аймақтар құрылмақ. Олар өнім өндіру, сақтау және сату алаңына айналып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ
Ұлттык өнер академиясы
Компьютерлік технологиялар
кафедрасы
Медиажурналистика
мамандығының 1-курс
студенті Сымбат Ербол

Related posts

«ХАЛЫҚ» ХАЛЫҚҚА КӨМЕКТЕСТІ

ttjk

ПРЕЗИДЕНТ ВЫРАЗИЛ СОБОЛЕЗНОВАНИЯ

ttjk

Visiting Halong Bay: Tips to Plan Your Perfect Trip

ttjk