Netcracker Қазақстанда IT-сектор үшін кадрлар даярлап жатыр

Бағдарламалық қамтамасыз етудің жаһандық әзірлеушісі Netcracker Қазақстанда IT-сектор үшін кадрлар даярлап жатыр.

Бірегей бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы әлемдік көшбасшы Netcracker Қазақстанда жұмысын кеңейтіп жатыр. Компания өзінің ұзақ мерзімді стратегиясы аясында телекоммуникация саласындағы жаһандық жобалармен жұмыс істеу үшін жоғары білікті мамандарды даярлауды бастады. Бүгінгі таңда Қазақстанда Netcracker-дің екі өкілдігі – Алматы мен Орал қаласында жұмыс істейді, онда 1 мыңнан астам адам қызмет етеді. Сондай-ақ компания өңірлерде оқу орталықтарын құра отырып, еліміздің жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтасуда. Оқытудан өткен 10 адам жобаларды әзірлеу және одан әрі іске асыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Тағы 40 жас маман, негізінен ЖОО студенттері мен түлектері телекоммуникация саласында өз дағдыларын дамыта отырып, тәжірибеден өтеді.

«Біздің басымдық беріп отырғанымыз – жергілікті жерлерде жоғары технологиялық жобаларды әзірлеу. Оған ірі жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері тартылды. Оралда – Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Алматыда – ҚБТУ және СДУ түлектері. Болашаққа арналған жоспарымыз – оқу орталықтарын жылына екі рет тұрақты қызметпен қамту және Netcracker-Қазақстан компаниясын Netcracker жаһандық жобаларына біріктіруді жалғастыру. Осылайша біздің жоспарымызда экспорттық кірісті ұлғайту бар»,  атап өтті Netcracker-Қазақстан компаниясы кеңселерінің техникалық директоры Павел Городов.

Премьер-министр компанияның отандық IT-индустрияны дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Цифрлық даму министрлігіне Netcracker үлгісі бойынша Қазақстанға ақпараттық технологиялар саласындағы ірі ойыншыларды тарту жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды. 

Related posts

Дүниежүзілік экономикалық форумында Қазақстан мұнайы туралы

ttjk

Олжас Бектенов: Үкімет Мемлекет басшысының экономика өсімін қамтамасыз ету бойынша қойған міндетіне қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады

Назия Жоямергенқызы

Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады

editor