Республикалық бюджеттен 3 трлн 752,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі былтыр қандай зейнетақы төлемдері болғанын және 2025 жылы олардың мөлшері қалай өзгергенін мәлімдеді. 

 

2024 жылы республикалық бюджеттен 3 трлн 752,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның 1 трлн 182,3 млрд теңгесі базалық зейнетақы төлеуге, 2 трлн 569,8 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақы төлеуге жұмсалған. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 451 мың адам. 2024 жылғы желтоқсанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 356 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 819 теңге, базалық зейнетақы – 42 537 теңге. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% — ға оза отырып ұлғайтылды.

Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

 

Related posts

«AYALA» ҚОРЫ СӘБИЛЕРДІ АЯЛАЙДЫ

Назия Жоямергенқызы

Еліміздің солтүстік өңіріндегі халық саны 30 пайызға дейін азаюы мүмкін

editor

Қазақстанның сегіз қаласында ауа сапасының төмендеуі күтіледі

Назия Жоямергенқызы