Шығыс-Жезқазған кенішінде жұмысшы қаза тапты

Ресми деректерге сенсек, өндірістегі қайғылы оқиға салдарынан жұмысшы қаза тапқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, арнайы комиссия құрылған.

«Қазақмыс» компаниялар тобы Шығыс-Жезқазған кенішіндегі «Аненнская» шахтасында болған қайғылы оқиға туралы үлкен өкінішпен хабарлады. Компания басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. «Марқұмның отбасына ұжымдық шартқа сәйкес барлық қажетті көмек көрсетіліп, төлемдер жасалады, оның ішінде жерлеу шығындары да қамтылады», делінген «Қазақмыс» баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Related posts

Қазақстан қонақ үйіне пресс-тур

ttjk

Кайсери — один из лучших горнолыжных курортов Турции

ttjk

КҮЗДІҢ КЕРЕМЕТІН КАПАДОКИЯДА КӨРІҢІЗ

Назия Жоямергенқызы