Ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге алынады

Мәжіліс депутаттары «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Депутат Татьяна Савельеваның айтуынша, заң жобасы екі негізгі бағыт бойынша республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты әзірленген. «Бірінші: 2024 жылға арналған кірістердің нақтыланған болжамы бекітілген жоспарға қарсы 2 триллион теңгеге азайтыла отырып айқындалды. Бұл ретте 2 триллион теңгені Ұлттық қордан нысаналы трансферт түрінде қосымша тарту жоспарланған», деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, республикалық бюджеттің шығыстары мен тапшылығының параметрлері үкімет енгізген түзетулерді ескере отырып және 2023 жылға арналған 61,3 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қалдықтарын пайдалана отырып өзгертілген.

Республикалық бюджеттің нақтыланған шығыстары бекітілген көрсеткішке қатысты 61,3 миллиард теңгеге өседі, биылғы республикалық бюджет тапшылығы 61,3 миллиард теңгеге өсіп, 3,6 триллион теңге болады», деді депутат.

Related posts

Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді

Назия Жоямергенқызы

ШОБ үшін Қазақстандағы үздік банк анықталды

ttjk

Ақтаудағы ана мен балалар ауруханасында су жоқ

editor