Алматы әкімі ҚР-дағы Бас және Құрметті консулдармен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Қазақстандағы шетел мемлекеттерінің Бас және Құрметті консулдарымен кездесуінде басым бизнес-жобаларға инвестициялар тарту мәселелері талқыланды.
Қала басшысы Алматы – Қазақстанның мәдени, ғылыми, іскерлік және қаржы орталығы, оның үлесіне экономиканың бестен бір бөлігі (2023 жылы 20,6%) және ҚР бюджетінің барлық кірістерінің төрттен бірінен астамы (2023 жылы 26,2%) тиесілі екенін атап өтті, сондай-ақ кездесуге қатысушыларды іскерлік әріптестікті кеңейту мәселелерінде жан-жақты өзара іс-қимылға шақырды. Қала «Алматының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» аясында ауқымды, инфрақұрылымдық және экологиялық жобаларды іске асыруда инвесторлармен ынтымақтастық үшін ашық.

Инвестициялар үшін перспективалы бағыттарды атап өтіп, Ерболат Досаев жүрдек қоғамдық көлік жүйесін құру және ірі инновациялық өндірістер дамыған Алматыдағы Индустриалды аймақтың аумағын 40% – ға кеңейту жоспарлары туралы айтып берді (бүгінде ИАА-ның жалпы ауданы 490 га құрайды). Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін экономиканың басым салаларында (өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустриялар) еңбек өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құруға баса назар аударылатын болады. «Смарт Ситиді» құру контексінде ауа сапасын жақсарту және қаладағы ластану деңгейін төмендету жөніндегі «жасыл» жобалар мен бастамаларды, цифрлық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салу мен заманауи жабдықтармен жарақтандыруға ерекше назар аударылатын болады.
Инвесторларды қолдау үшін ағымдағы жылдың маусым айында «Almaty Business Development Center» қалалық фронт-офисі ашылады, онда консультациялық қызметтер «бір терезе» (One-Stop Shop) қағидаты бойынша ұсынылады. Бұдан басқа, Алматыда тұрақты даму стандарттарына сай келетін инфрақұрылымдық және экологиялық жобаларды қаржыландыру үшін жасыл облигациялар шығарудың ерекше мүмкіндігі бар.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі басшысының м.а. Исламбек Раимов, ҚХР, Иран, Түркия, Францияның Бас консулдары, «Құрметті консулдар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Денис Ван ден Вейх, сондай-ақ Нидерланды, Словения, Чехия, Швецияның Құрметті консулдары құттықтау сөз сөйледі.
Кеңеске қатысушылар Алматының соңғы жылдардағы экономикалық даму қарқынының серпінділігін және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтудегі жоғары әлеуетін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға және достық қарым-қатынастарды дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Related posts

A never-ending journey of lush forests, historic cities and turquoise coasts… Discover the Turkish Riviera by Bicycle

ttjk

Памуккаленің тарихи курорттары мен емдік дәстүрлері

ttjk

Астанада «Наурыз» ұлттық сыйлығы табысталды

ttjk