Қарағанды ​​облысының әкімі Президенттен сөгіс алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды ​​облысының әкіміне сөгіс берген. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді»,  деп жазды Берік Уәли.

Ал осыған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылған болатын.

Related posts

Алачаты: серфингтің отаны

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Алаяқтар мемлекеттік органдардың басшысы ретінде таныстырады: полиция астаналықтарға сақ болуды ескертті