Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытай түрмесінде жатқан Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімдеме жасады.

«Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты біз Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Біз ол жұмысты тоқтатқан жоқпыз. Ол жұмыс белсенді түрде атқарылып жатыр. Меніңше, жақын арада оң шешімін табады деп сенемін. Бұл оңай жұмыс емес. Ол өз жазасын елімізге келіп өтеуге қатысты оның арызы бізге түскен. Ол жазасын елімізге келіп өтегісі келеді. Ол өзінің адвокатымен тұрақты түрде байланыста», деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске сала кетсек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайынан 4 жарым келі есірткі алып өтпек болды деп айыпталған. Бір жылдан соң Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Ал отандасымыз өзін шетелдік досы, яғни Адиндо Нонсо Фортуненің арбауына түсіп қалғанын айтқан.

Related posts

АСТАНАДА QAZAQFORUM БАСТАЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

Еурокомиссия Қазақстанға сутегі бойынша нормативтік базаны жетілдіруге жәрдемдеседі

Назия Жоямергенқызы

Түркияны аралауға арналған туристік бағыт

editor