«ҚАРЖЫЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА» СЕМИНАРЫ

Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен және «Халық банкі» АҚ қаржылай қолдауымен, бұқаралық ақпарат құралдары үшін «Қаржылық журналистика» тақырыбына семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингте Халық банкінің Маркетинг және PR департаменті директорының орынбасары Сағынбек Шункеев пен елімізге танамыл экономист Мақсат Халық медиа-тренер болды.

Қазақстандағы банк құрылымдары, екінші деңгейлі банктердің бір-бірінен ерекшелігі, отандық қаржы нарығындағы бүгінгі ахуал  туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берген Сағынбек Шункеев мырза Халық банкінің жаңа өнімдері жайлы да айтты.

Ал «Қазақстанның қаржы саясаты» тақырыбына баяндама жасаған Мақсат Халық еліміздің қаржы саясаты, ішкі және сыртқы қарыз, девальвация, инфляция т.б. туралы айтты.

Аталған шара Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен өткізілетін «Еркін сөз»-2018 шығармашылық байқауының шеңберінде ұйымдастырылды. 16 желтоқсан — Қазақстанның Тәуелсіздік күні және 15 қараша — Қаржыгерлер күні құрметіне орай өткізілетін Байқаудың қаржылай демеушісі — «Халық банкі» АҚ. «Еркін сөз» байқауына 2018 жылдың 01 қаңтарынан 27 қарашасына дейін жарияланған және жарияланатын материалдар қабылданады. Басты тақырып: қаржы, экономика, шағын және орта кәсіпкерлік, туризм, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, егіншілік, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, өндіріс т.б. «Үздік мақала», «Үздік телесюжет», «Үздік сайттағы мақала» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, 12 желтоқсан күні Марапаттау салтанаты өтеді.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

 

Related posts

“Шаңырақ” күнінде елордалық театрда өнерлі отбасы балаларының тұсауын кестірді

ttjk

«ХАЛЫҚ» БАНКІНІҢ ҚАРҚЫНЫ ҚАРЫМДЫ

ttjk

ТУҒАН КҮН – ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕ

ttjk