ХАЛЫҚ БАНКІНЕН – ИНВАТАКСИ

«Халық» қайырымдылық қоры мен Қазақстан халық банкі өңірлік орталықтарға 20 инватакси көліктерін тапсырады

Алматы, 2018 ж. 23 қазан – «Халық» жеке қайырымдылық қоры Халық банкімен бірлесе отырып, «Инватакси» ауқымды әлеуметтік жобаны іске қосты. Аталған жобаға сәйкес қозғалысы шектеулі азаматтарды тасымалдауға арналған 20 арнайы автокөлік сатып алу, осыдан кейін көліктерді Қазақстанның 20 қаласындағы өңірлік мүгедектер қоғамдарына ақысыз тапсыру қарастырылған. Жобаның жалпы құны 191 млн. теңгені құрайды, сонымен қатар «Инватакси» қызметі тегін көрсетілмек.

Бірінші арнайы көлік — мүгедектер арбашасына таңылған адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған ГАЗ 32212 маркалы микроавтобус қаланың 50-жылдық мерекесі күні – 20 қазанда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына жеткізілді. Сонымен қатар такси Ақтау қаласына қызмет көрсетіп, қажет болған жағдайда көрші қалалар мен елді мекендер арасында қатынайды. «Инватакси» шақыртуға өтінімдер диспетчер арқылы жол жүру жоспарланған уақыттан бір күн бұрын қабылданады. Бірінші «Инватакси» қызметін 1000-нан астам мүмкіндігі шектеулі тұрғындар пайдалана алады.

Барлық арнайы көліктер мүгедектер арбашасын көтеруге арналған құрылғылармен жабдықталған. Микроавтобус салоны айналдыра әйнектелген, оң жақтағы сырғымалы  есігі, 180° айқара ашылатын артқы есіктері, қозғалыс бағытымен орналастырылған жұмсақ отырғыштары бар.

Жаңаөзен қаласының тұрғындары «Инватакси» қызметіне 76-1-21 телефоны бойынша (қоңырауларды жергілікті уақыт бойынша сағ. 09:00-ден сағ 18:00-ге дейін диспетчер қабылдайды) тапсырыс бере алады. Маңғыстау облысының басқа қаласынан хабарласу үшін нөмірдің алдында 72934 қала кодын теру қажет.

«Мүмкіндігі шектеулі адамдар «Инватакси» қызметінің арқасында жол жүру шектеулерінен арылып, әлеуметтік өмірге, соның ішінде жұмыспен қамтылу арқылы белсенді қатысуға мүмкіндік алады деп үміттенеміз, – деді «Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ директоры Лариса Коковинец.

Инватакси көліктерін сатып алу идеясы Халық банктің 95-жылдығына орай қолға алынған «95 игі іс» эстафетасының аясында туындады. Сонымен қатар, күздің басында банк пен қор бірлесе отырып, бірқатар қайырымдылық бастамаларды іске асырды, атап айтқанда – мектепке дейінгі балаларға арналған ауладағы спорт-ойын кешендері, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз көпбалалы отбасылардан шыққан бірінші сынып оқушыларына ортопедиялық арқа қоржындар мен мектепке қажетті құралдар жинақтары, сондай-ақ Алматы қаласының №1 балалар үйіне жаңа компьютерлік сынып жабдықталды.

Банк ары қарай да мәдениет, өнер, спорт, денсаулық сақтау мен білім саласына қолдау көрсетуді, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше назар аударуды жалғастыруды көздейді.

Анықтама үшін:

«Халық» қайырымдылық қоры 2016 жылғы сәуірде Halyk Group бенефициар акционерлерінің бастамасымен жүйелі деңгейде қайырымдылық қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылды. Қор мәдениет, спорт және білім саласында әртүрлі әлеуметтік жобаларды ұйымдастырып, қолдау көрсетеді.

Байланыс үшін:

+ 7 727 259 0301

pr@halykbank.kz

Related posts

НЕСИЕ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕМЕС

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР 135 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ КӨМЕК АЛДЫ

ttjk

HALYK BANK-ТЕН КОМИССИЯСЫЗ QR-ТӨЛЕМДЕР

ttjk