Үржар және Мақаншы аудандарында халықтың мәселелері тыңдалды

Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері Үржар және Мақаншы аудандарына барып, тұрғындармен кездесулер өткізді.

Кездесулер «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды. Жиындар барысында тұрғындардың әлеуметтік және өзекті мәселелері тыңдалып, көтерілген сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Үржар және Мақаншы аудандарына келіп, тұрғындармен кездесулер өткіздік. Кездесу барысында халықтың әлеуметтік және өзекті мәселелерін тыңдадық. Көтерілген мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, шешу жолдарын қарастырып, тиісті ұсыныстар айттық», – деді Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Превенция және талдау әзірлемелері басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Марат Сеильханов.

Кездесулер барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынып, көтерілген мәселелерді шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.

Мұндай кездесулер халықтың мәселелерін жергілікті жерде тыңдап, оларды шешу бойынша нақты жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Related posts

Паранжа мен никаб киюге заңмен тыйым салынды

editor

АЛМАТЫЛЫҚТАРҒА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА 2 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Шеврон және ҚазМұнайГаз стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Назия Жоямергенқызы