Тәуелсіздік мерекесі күні Қазақстанның медициналық мекемелерінде барлығы 725 нәресте дүниеге келген. Олардың ішінде жеті сәби егіз болып туған.
Ведомствоның дерегіне сәйкес, мереке күні туған балалардың жыныстық құрамы шамалас болған: 362 ұл және 363 қыз.
«Тәуелсіздік күні сәбилердің өмірге келуі – мемлекет үшін де, сол қуанышты сәтті бастан кешірген отбасылар үшін де айрықша маңызға ие.
Перзентханалардағы медицина мамандары мереке күні де аналар мен жаңа туған нәрестелерге дер кезінде әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, өздерінің кәсібилігі мен жауапкершілігін айқын дәлелдеді», – делінген ресми хабарламада.
Ақпарат: Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: gov.kz
