Жемқорлардан қайтарылған қаржы Жамансор ауылына жұмсалмақ

Активтерді қайтарудан түскен қаражат Атырау облысы Жамансор ауылындағы жаңа мектеп құрылысына жұмсалады.

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында мектеп құрылысына 2 млрд теңге бөлу жергілікті балалар үшін орта білімге қолжетімділік мәселесін шешеді. Қазіргі уақытта ауылда тек бастауыш мектеп қана жұмыс істейді. Оқу жалғастыру үшін ата-аналар балаларын көршілес аудандарға апаруға мәжбүр. Жаңа мектепте балалардың сапалы білім алуы үшін барлық талапқа сай жағдай жасалады.

«Бізде тек бастауыш сыныптарға арналған мектеп қана бар. Оны аяқтаған соң, оқуын жалғастыру үшін балаларымызды басқа аудандарға тасуға мәжбүр болдық. Біздің ауылда жаңа мектептің салынатыны туралы жаңалық біз үшін үлкен қуаныш», дейді Жамансор ауылының тұрғыны Алмагүл Аманова.

Жамансор ауылында мектеп жасында 195 бала бар. Бастауыш сыныптар мен дайындық топтарында 64 бала оқып жатыр. Жоғарғы сынып оқушылары Атырау мен Құлсары қалаларының, Мақат және Мұқыр ауылдарының интернаттарында оқиды. Ата-аналар балаларды аптасына екі рет оқуға апаруға мәжбүр. Жаңа ғимарат пайдалануға берілген соң барлық оқушы өз ауылында оқитын болады.

«Нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Жаңа мектеп салынғаннан кейін мұғалімдерге қосымша жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ біз өз интернатымызда Жамансор елді мекеніне жақын Кенбай ауылының балаларын орналастыруды жоспарлап отырмыз», дейді Қызылқоға аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қанат Алпанов.

Related posts

Türkiye successfully hosts 2 of the world’s most significant wedding planning events

Назия Жоямергенқызы

Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру – басым бағыт

editor

Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО